Заказать звонок

Отправить Закрыть

info@ssm.kz

+7 (727) 328-04-34

Біз қалай жұмыс істейміз?

Компания жайында

Көлікті, қызметкерлерді және өзге объектілерді интернет арқылы бақылау.

Жерсеріктік мониторинг жүйелері нақты уақыт режимінде сіздің бизнесіңіздің жағдайы немесе қызықтыратын объектінің күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сіз әлемнің кез келген түкпірінен компьютерді немесе ұялы телефонды пайдаланып, интернет желісі арқылы объект туралы кез келген ақпарат ала аласыз. Gps, glonass жабдықты пайдаланып бақылау барлық континенттерде жұмыс істейді. SSM компаниясының жабдығы бірқатар қызықты мүмкіндіктерге ие, мысалы, оған әр түрлі бергіштерді: жанармай бергішін – жанармайдың толтырылуын, ағызылуын және жұмсалуын анықтау үшін, оталдыру бергішін – мотосағаттар мен көліктің жұмысының тиімділігін анықтау үшін, қозғалтқышты бұғаттау бергішін, сондай-ақ қысым бергіштерін, температура бергішін, білікке жүктеменің бергішін қосуға, сондай-ақ автомобильдің шинасының CAN деректерін оқуға болады.

Қосымша мүмкіндіктері мыналар болып табылады: SOS түймешігі – шұғыл жәрдем шақырту, салонды тыңдау, дауысты байланыс арқылы жүргізушімен дауыстық қосылыс, орнатылған сигнализацияға қосылу және одан ақпарат алу мен көптеген басқасы.

www.ssm.kz сайтында жерсеріктік мониторинг жүйесінің демонстрациялық нұсқасы жұмыс істейді, пайдаланушылар жүйенің мүмкіндіктерімен нақты автокөлікте таныса алады. “Жерсеріктік мониторинг жүйелері” ЖШС.

Жаңалықтар